10.09.2024
Отбасы күні мерекесіне орай имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімі институт психологі М.Айболатқызымен бірлесіп 1 курс курсанттарына танымдық шара өткізді.
Білім алушыларға елімізде ауқымды деңгейде өткізілетін Отбасы күнінің қоғамдағы рөлі жөнінде мәлімет берілді. Курсанттар психологиялық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған тренингтерге қатысып, жанұядағы тәрбие маңыздылығын сипаттайтын отандық “Тәрбие лагері” фильмін тамашалады.


