Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

15.02.2025

Институтта білім алушылардың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған Ауған жерінен Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Бейбіт күнде Ауғанда от кешкендер» атты кездесу кеші өтті.
Аталған шараның ұйытқысы болған Ауған соғысының ардагері, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Марат Айтуғанұлы  Қойлыбаев алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына рухы мықты және ең батыл азаматтардың ерлігі туралы баяндап,  бейбіт өмірімізді қадірлей білуге шақырды.
Өз кезегінде институт бастығы, полиция полковнигі Ғалымжан Молдабекұлы Есболаев бүгінгі күн əскери борышын Ауғанстанда атқарған азаматтарымызға құрмет көрсетіп, құрбан болған боздақтарды еске алатын тағдырлы әрі тарихи күнекенін атап өтіп, М. А. Қойлыбаевқа қан майдандағы қазақ батырларының ерлігі туралы баяндап, құнды мәліметтермен бөлісіп, тәрбиелік шараның мәнін ашқаны үшін алғысхат табыстады. 
Тыңдаушылар патриоттық әндер шырқап, көрініс қойса, кадет класының кадеттері де өз өнерлерін ортаға салды. Шарадағы отансүйгіштікке баулитын келелі кеңестер болашақ полицейлердің өз қызметтеріне деген қызығушылықтарын арттыра түсіп, Отан үшін от кешкен ата-бабаларымыздың өмір мектебі мен батырлық тұлғасы жастарымызды лайықты ізбасар етіп тәрбиелеуге зор ықпал етті.
Кездесу кешінен соң осы атаулы күнге арналған«Мас-рестлинг» жарысында институттың тыңдаушылары жауынгерлік рухты шыңдай түсуге септігін тигізді.