Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

15.02.2025

Ардагерлердің кадрлық әлеуетті жетілдірудегі маңызды рөлі, жас офицерлердің кәсіби қалыптасуы үшін білімінің, даналығының және бай өмірлік тәжірибесі қашанда маңызды рөлге ие.
Ағымдағы жылы 15 ақпанда оқу ордасы басшылығының институттың өсіп-өркендеуі жолында қызмет атқарған ардагерлермен кездесуі өтті.
Жиында алғаш сөз алған институт бастығы полиция полковнигі Ғалымжан Есболаев ардагерлермен бірлесе атқарған жұмыстың жас буын өкілдерін тәрбиелеуде қосатын үлесінің ауқымды екендігіне тоқталды. Ардагерлер жеке құраммен жұмыста идеологиялық және тәрбие қызметін жетілдіру бойынша өздерінің құнды тәжірибелерімен және ұсыныстарымен бөлісті.