Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

13.02.2025

Ақтөбе заң институтының 102-топ курсанты Г. Жигерова Батыс Қазақстан облысы, Бөкей орда ауданы Жәңгір-Хан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 10-11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Мектеп бітіруші түлектермен өткен кездесу барысында институтқа оқуға қабылдау шарттары бойынша түсіндірме берілді. Сонымен қатар ақпараттық видеороликтер көрсетіліп, буклеттер таратылды. Кәсіби бағдар жұмысы 65 оқушыны қамтыды.