Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

12.02.2025

2025 жылдың 12 ақпанында Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында «Тілдік емес жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың өзекті мәселелері және олардың ықтимал шешімдері» тақырыбында Республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты шет тілін оқытудың заманауи тәсілдерін талқылау, бар қиындықтарды анықтау және оқытудың тиімді әдістерімен алмасу болды.
Институмыздың ЖББП кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Мухтарова А.К., 1 курс курсанттары Жумагазин Ж.С., Күлмұханова Д.З. өз баяндамаларымен бөлісіп, 1 курс магистранттары Келимбердин М.А., Жабагинова И.Т. дөңгелек үстел жұмысына белсене қатысып, сертификаттарға ие болды.
Қатысушылар оқу бағдарламаларын жетілдіру, оқытушылардың біліктілігін арттыру және білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуды қоса алғанда, мәселелерді шешудің ықтимал жолдарын белсенді түрде талқылады. Осындай іс-шараға қатысу “Шет тілі” және “Кәсіби бағдарланған шет тілі” пәндерін оқытудың сапасын көтеруге , оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуына және кәсіби өсуіне зор ықпал ететіні сөзсіз.