Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

3.02.2025

2025 жылдың 27 қаңтар- 1 ақпан аралығында институттың қосымша білім беру факультетінде Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментінің жедел кезекшілері, аға кезекші-инспекторлары мен кезекші-инспекторлары үшін «Кезекші бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс барысында қатысушыларға кезекші бөлімшелердің жұмысын тиімді ұйымдастыру, басқару жүйесі мен ақпарат алмасу жүйелері, сондай-ақ көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Оқытушылар үздік тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс процестерін жақсарту бойынша ұсыныстар жасады. Курс соңында қатысушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды.