3.02.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2024 жылға арналған ғылыми-зерттеу қызметі жоспарына сәйкес жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі Айгуль Қасымбекова Ибраеваның дайындаған үш оқу құралы жарыққа шықты. Құқық теориясы (оқу құралы), Адам құқықтарын қамтамасыз ету механизміндегі ІІО рөлі (оқу құралы), Мемлекет және құқық теориясы (оқу-көрнекілік құралы).
Аталған оқу құралдары оқу процесінде білікті мамандарды даярлауға, курсанттар мен магистранттардың құқықтық білімін тереңдетуге септігін тигізері хақ. Оқу құралдары институттың кітапхана қорына тапсырылды.
