3.02.2025
«Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету бойынша медиа-жоспардың 6-тармағына сәйкес Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында «Нашақорлық – адасудың жолы» тақырыбында М.Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институты ІІМ әкімшілік құқық және әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Н.Думовтың және Ақтөбе ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес бөлімінің бастығы полиция майоры А.Кияшевтың қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы күрес мәселелері талқыланды.





