1.02.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушылары мен қызметкерлері 01 ақпаннан бастау алған “Спортта қызметтегідей: 10.000 қадам” акциясы шеңберінде топтық жүгіруді іске асырды. Сонымен қатар, акция соңында курс басшысы және топ кураторларының ұйымдастыруымен курсанттар арасында тимбилдинг өткізілді.
Тимбилдинг курсанттарға керемет көңіл-күй сыйлады. Курсанттар топтық қызықты ойындарға қатысты. Өткізілген корпоративтік шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, ұжымның бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді.





