Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

16.01.2025

Институт бастығы 1 курс курсанттарымен танысу кездесуін өткізді.

Ғалымжан Молдабекұлы Есболаев өз сөзінде курсанттарға «Құқық қорғау саласы өте маңызды сала, біз ІІМ-нің алға қойған тапсырмаларын «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып орындап, мемлекеттік саясатты жүргіземіз.

Сіздерге осы білім ордасы мақтанышпен атын алып жүрген Ақтөбе өңірінің біртуар тұлғасы Кеңес Одағының Батыры Малкеджар Бөкенбаевты әрқашан үлгі тұтып, сапалы білімді игеріп, білікті маман болып шығу міндеттеледі. Ұзақ жылдардағы қызметтегі тәжірибемде түйгенім, біліммен қатар терең тәрбие берілуі қажет» -деп атап өтті.