Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

23.12.2024

2024 жылғы желтоқсан айында Қостанай академиясында алғаш рет философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің отырысы өтті. Бұл маңызды іс-шараға Қазақстан мен шет елдерден құқық қорғау қызметі саласындағы жетекші мамандар қатысты.

Диссертациялық кеңестің салтанатты ашылу рәсімі ерекше мәнге ие болды. Академияның оқу залына Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор Айдарқан Байдекұлы Сқақовтың есімі берілді. Ашылу рәсімі лента қиюдан басталып, қатысушыларға ізгі тілектер айтылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері Тоқтарбай Қадамбаев пен профессор Айдарқан Сқақов қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, Академия бастығы, полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов жиналған қауымға алғысын білдірді.

Диссертациялық кеңестің отырысы профессор Айдарқан Сқақовтың төрағалығымен өтті. Оған диссертациялық кеңестің мүшесі ретінде Актөбе заң институты бастығының орынбасары, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Кайнар Ерболат Ержанұлы да қатысты. Өз саласының білікті маманы ретінде Кайнар Ерболат Ержанұлы диссертацияларды бағалауға және отырыс жұмысына белсенді қатысып, өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

Бұл шара жоғары ғылыми әлеуетті мамандарды даярлау ісіндегі маңызды қадам болды және құқық қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға ықпал етті.