Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

22.11.2024

Лудоманияға қарсы іс-қимылды күшейту, оның ішінде ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды жүйелі жүргізу, мемлекеттік құрылымына және ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер дәрежесіне қарсы іс-қимыл жөнінде нысаналы ақпарат жеткізу үшін алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен кездесуге «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жастармен жұмыс жөніндегі маманы Еркебулат Серикович Таганов шақырылды.

Кездесу қонағы өз сөзінде құмар ойындарға әлеуметтік санатта қандай адамдардың бейім болатынын, лудоманияның қалыптасу кезеңдерін, ең бастысы, мұндай тәуелділікке тап болған жағдайда әрекет ету жолдарына тоқталып, біздің дінімізде құмар ойындарға теріс көзқарас қалыптасқандығын тілге тиек етті.

Спикердің баяндамасынан соң болашақ полицейлерге тәуелділіктің осы түріне қатысты бейнеролик көрсетіліп, ситуациялық сұрақтар талқыланды, сонымен қатар әлеуметтік желі арқылы адамдарды діни ағымдарға тарту мәселесіне қатысты жадыманалар таратылды.