Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

18.11.2024

Институттың Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері, полиция подполковнигі А.С.Галиуллина мен полиция лейтенанты А.У.Сагимбаева Ақтөбе қаласындағы №77 және №10 жалпы білім беретін орта мектептерінің ұстаздарымен және 9, 10, 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты елімізде жаңадан енгізілген «дроппер» ұғымына, жалпы дроппер деген кім, оның кейпінде болып қалудан қалай сақтану қажет екендігіне түсінік берілді. Түсіндіру жұмыстары барысында, алаяқтарға өздерінің жеке бастарының деректерін ұсынудан және кездейсоқ жеке есеп шоттарына келіп түскен ұрланған қаражатты қолма-қол өз есеп шотынан алып беруден немесе алаяқтардың айтқан басқа есеп шотына аударудан сақтану жолдары туралы мағлұмат беріліп, тақырыпқа сай бейнетаспа көрсетілді және оқушылардың қойған сауалдарына жауап берді.