Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

14.11.2024

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында институттың кәсіби даярлық факультетінің бастығы полиция полковнигі Д. Амангельдиев және 1 курс курсанттары қатардағы полицейлер А. Кенжебай, Ө. Көптілеу, А. Максимовтің қатысуымен Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 10-11 сынып оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру, жасөспірімдер арасындағы есірткі, психотроптық заттармен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәсіби бағдар беру бойынша кездесу жүзеге асырылды.

Кездесу барысында жоғарыда аталған қазіргі заман дертіне айналып отырған құқық бұзушылықтарға қатысты оқушылардың қызығушылығы артып, олардың тарапынан туындаған өзекті проблемалық сұрақтарға толықтай жауап берілді.