14.11.2024
ЖЗП кафедрасының аға оқытушылары полиция подполковнигі Р.Н.Джигитова және полиция майоры Ш.Т.Жайлаубаева Ақтөбе қаласының №5 және №50 ЖББМ 10-11 сынып оқушыларымен кездесу барысында «Құқық қорғау қызметі» мамандығы туралы түсіндіріп, мектеп оқушыларының қызығушылықтарын арттырды және де еңбек нарығындағы сұранысты мамандық екенің атап өтті.
Аталмыш мектеп оқушыларына мамандық бойынша керекті мәліметтер туралы бейнероликтер және институтқа түсу туралы ақпараттар көрсетілген буклеттер таратылды.
Кафедра оқытушылары алдағы уақытта оқушыларға ҰБТ-дан сәтті өтіп, өздерінің таңдаған маман иесі болуына жылы лебіздерін білдірді.