Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

23 маусым – Қазақстан Республикасының полициясы күні құтты болсын!

23.06.2025

Құрметті ардагерлер, әріптестер, курсанттар!

23 маусым – Қазақстан Республикасының полициясы күні құтты болсын!
Қазақстан полициясы күні – осы жауапты қызметтің ардагерлеріне және бүгінде еңбек етіп жүрген қызметкерлерге ризашылық пен алғыс білдіру күні. Сонымен қатар, бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып саналады.
Сіздердің күнделікті қызметтік міндеттерді атқарудағы жоғары кәсіби деңгейлеріңіз осы саладағы барша әріптестерге еліктеуге тұрарлық тәжірибе деп санаймыз, ал болашақ мамандардың қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы еңбектеріне сәттілік тілейміз. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер!