13.04.2026
2026 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының акт залында «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.
Іс-шара Ведомствалық білім беру саласын арттыру жылы және Ғылым күні аясында ұйымдастырылды. Семинарға біліктілікті арттыру курсының 18 тыңдаушысы мен институттың 1 курс курсанттары қатысты.
Ғылыми семинардың ашылуында Институт бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Қайнар құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу мәселелеріне арналған бейнематериал көрсетілді.
Іс-шараға білім беру, құқық қорғау және психологиялық қызмет саласының мамандары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Ақтөбе облысы білім басқармасының «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының, полиция органдарының, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдарының өкілдері баяндама жасады.
Баяндамалар барысында жасөспірімдердің психологиялық жағдайы, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, стресс жағдайында өзін сақтау, суицидтік мінез-құлық белгілерін анықтау, сондай-ақ профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттары қарастырылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері де талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, өзекті сұрақтар талқыланды. Іс-шара аясында институттың дәстүріне сәйкес Әнұран орындалды.
Қорытынды бөлімде қатысушылар ұсынылған тәжірибелер мен пікірлердің профилактикалық жұмыстарды жетілдіруге ықпал ететіні атап өтілді. Қатысқан қонақтарға алғыс хаттар табысталды.
Ғылыми семинар өз жұмысын қорытындылап, қатысушылар естелік жалпы фотоға түсті.







