29.07.2025



Аталған маңызды сәт Ақтөбе заң институтында өтті. Іс-шара барысында институт бастығы, полиция полковнигі Ғ. Есболаев сөз сөйлеп, талапкерлер мен ата-аналарды құттықтады. Ол өз сөзінде курсант болуға лайық деп танылған жастардың табандылығын ерекше атап өтіп, алдағы оқу жылында сәттілік тіледі.
Салтанатты жиында үміткерлердің ата-аналары да сөз сөйлеп, алғыс пен сенімге толы лебіздерін білдірді. Олар балаларын қолдап, осынау маңызды кезеңде бірге жүрген институт ұжымына ризашылықтарын жеткізді.







