- Институт
- Учебно-методическая деятельность
- Научная деятельность
- Кадровая и воспитательная работа
- Образовательный
портал - Обучающиеся


Оқу-саптық бөлімше ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Оқу-саптық бөлімшені институт бастығының орынбасары полиция полковнигі Махамбет Баженұлы Алгожаев басқарады, оның міндеттері: моральдық және психологиялық дайындықты қалыптастыру және қолдау. Курсанттардың бойында қызметтік борышын орындау үшін қажетті қасиеттерді, батылдықты, шыдамдылықты, тапқырлықты, қырағылықты, әскери жолдастық сезімін және өзара көмек сезімін дамыту, Заңдарды құрметтеу, осы мақсатта тәрбиенің жеке үлгісін, қызметке деген адалдықты, сондай-ақ әскери рәсімдерді белсенді пайдалану.
Институт бастығынығ көмекшісі оқу-саптық бөлімшенің (курстардың), кезекші бөлімнің, сондай-ақ бақылау-өткізу пунктінің қызметіне жетекшілік етеді.
Оқу-саптық бөлімше материалдық қамтамасыз етуден бастап және курсанттардың бос уақытын ұйымдастырумен аяқталатын курстардың тиімді өмір сүруін ұйымдастыру мен қамтамасыз етуден тұратын негізгі функциялардың бірін орындайды.
Курстық офицер-бұл өзінің жеке құрамына еліктеуге арналған стандарт, ол қызмет түріндегі ең қажетті қасиеттерді біріктіреді-бұл, ең алдымен, қамқор әке, тәжірибелі психолог, мұқият сұхбаттасушы.
Бүкіл оқу кезеңінде казарма курсанттар үшін екінші үйге айналды. Курс бастығы, оның орынбасарлары, взвод командирі және старшина атынан басшылық туыстарына айналады. Олар тәлімгерлер, тәжірибелі педогогтар, өз ісінің мамандары ретінде әрекет етеді.
Сондай-ақ аға және қатардағы кіші басшы құрамның бастапқы кәсіптік даярлық курстарының курсанттары оқытылады.
Бүгінгі таңда курсанттармен қызметкерлер жұмыс жасайды: Курс бастығы. полиция капитаны Е.Ж. Буранкулов, курс бастығының орынбасары полиция капитаны М.А. Таганиязов, взвод командирі полиция аға лейтенанты А. Ермекалы, курс старшинасы полиция старшинасы М.Т. Тажмаганбетов.
Талапкер-2024
28 шілдеде мандаттық комиссия отырысы өтті
Ақтөбе заң институтында үміткерлер мен олардың ата-аналарының қатысуымен мандаттық комиссия отырысы өтіп, оқуға қабылданған талапкерлердің есімдері белгілі болды. Ата-ананың жүзінде ұласқан уайым мен күдік сейіліп, қуанышты сәтті балалары мен бірге бөлісті. Жиын барысында институт басшылығы тарапынан талапкерге оқу бағдарламасына қатысты жадымдамалар таратылып олардың киім кешегі, жатын орыны, шәкірт ақы, демалыс кезеңдері туралы түсіндірілді.




27 қыркүйекте семинар өтті
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу ерекшеліктері және қылмыстық жауапкершілік» ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында аталған тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция жұмысына отандық ғалымдар мен практиктер, сондай-ақ, Ресей Федерациясы, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан өкілдері қатысты.
Конференцияның тақырыбы мен форматы кездейсоқ таңдалмаған, өйткені әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу тиімділігінің мәселелері, өкінішке орай, қазіргі қоғамның ең өзекті және қажет мәселелерінің бірі болып табылады.
Қатысушылар әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты құқық қолдану практикасында орын алған өзекті мәселелерді белгілеп, талқылады, және жинақталған тәжірибелерімен бөлісті, аталған қылмыстардың алдын алу және ескерту шараларының тиімділігін арттыру, соның ішінде, қылмыстық жауапкершілікті қатайту, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекетін ұйымдастыру мәселелері туралы пікір алмасып, ұсыныстарын жасады.
Конференция жұмысының қорытындысында курсанттар жақсы ақпарат алып, өздеріне керектерін түсініп алды онымен қоса өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап ала білді.




20 қыркүйекте 1 курс курсанттарының ант қабылдау рәсімі.
1 курс курсантарының ант қабылдау рәсімі өтті. Ауқымды шараға ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы полиция полковнигі Султанбаев Қайсар Абилекович, жергілікті атқарушы органның басшылары, қоғам белсенділері, институт ардагерлері, БАҚ өкілдері мен ата-аналар қатысты.
Шараның негізгі бөлімінде институттың жас офицерлері, курсанттар елімізді, отанымызды сүйетін, қазақ елінің айбынды азаматы, нағыз патриоты болуға Ант етті.
Институт бастығы полиция полковнигі Н.Мұхаметқалиев жас сақшыларға анттарына адал болып, халық үшін адал қызмет атқаратын білімді де саналы, ел сенімін ақтайтын ұрпақ болуларына тілектестік білдірді. Сонымен қатар курсанттардың ата-аналары жүрекжарды ақ тілегін арнап жарқын болашақ тіледі.





18 қазанда жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен өткен Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар.
2024 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан құру жағдайында адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі ішкі істер органдарының рөлі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
Конференция өткізудегі басты мақсат – Әділетті Қазақстан құру жағдайында адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі ісшкі істер органдарының рөлі; ІІО қызметкерлерінің кәсіби тұлғалық болмыын жетілдіруде Адал азамат идеясының маңыздылығы; Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; ІІО қызметінде жүргізіліп жатқан кадр саясатының маңыздылығы; полиция қызметкерлерінің конституциялық құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін дамытудың басым бағыттарын жетілдіру.
Конференцияны модератор ретінде жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі А.К.Ибраева жүргізді.
Осы семинарға курсанттар қатысып ардагер және профессорлармен кездесіп, мәдени дамуын және құқықтық санасын жетілдірді.


Институтта 1 курс курсанттарының ұйымшылдығын нығайтып, өнерлі әрі дарынды жастарды іріктеу мақсатында “Талант шоу” байқауы ұйымдастырылды.
Білім алушылар ән, би, күй, хор, сахналық қойылым жанрлары бойынша өзара бақ сынасып, үздіктер анықталды.
Концерт нәтижесінде үздік орынды «105» оқу-тобы иеленді онымен қоса «үздік ұжым тобы» номинациясын иеленді.
2-ші орынды иеленген «102» оқу-тобы үздік «би» номинациясына иеленді.
3-ші орын иеленген «101» оқу-тобы үздік «хор» номинациясын иеленді.
Іс-шараға қатысқан курсанттар өз өнерлерімен бағаланып тамаша әсер алды.



8 қарашада «Шет тілі» пәнінен «What a wonderful World of English» іс-шарасы өтті.
Ағымдағы жылдың 8 қарашасында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ЖББП кафедрасының оқытушысы А.К. Мухтарованың ұйымдастыруымен «Шет тілі» пәнінен «What a wonderful World of English» іс-шарасы өтті.
Негізгі мақсаты курсанттармен байланысты нығайтып, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, тілдік дағдыларды жетілдіру, ағылшын тілін жақсы меңгерген курсанттардың өнерлерін, деңгейін көрсетуге мүмкіндік беру болды.
Шара шет тілін меңгеру курсында алынған оқу, тілдік және сөйлеу тәжірибесін кеңейтуге ықпал етті.
Іс-шараға белсене қатысқан курсанттар дипломдармен және алғысхаттармен марапатталды.


17 қараша күні Қазақстанның мақтанышы, әлем чемпионы Максим Раков курсанттармен кездесті
Бүгін біздің институтқа Қазақстанның мақтанышы, дзюдо бойынша әлем чемпионы және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Максим Сергеевич Раков келді. Ол Актөбеде өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына арнайы қатысу үшін келген болатын.
Курсанттармен кездесу барысында қонақ спорттың адам тұлғасының үйлесімді дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін маңыздылығын атап өтті. Ол спорттың тәртіп, мақсатқа ұмтылу және ерік-жігер сияқты қасиеттерді тәрбиелеудегі рөлін ерекше айтты. Курсантар мен тыңдаушылар түрлі сұрақтар қойды, бірақ кездесудің басты лейтмотиві болған жауап – білім алу, өзін-өзі дамыту және үнемі өз-өзімен жұмыс істеудің маңыздылығы болды. Бұл ойды барлық жастар естіп, қабылдады. Іс-шараның соңында институттың орынбасары А. Нурушев басшылық пен барлық курсанттар атынан қонаққа алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыс етті. Спорт мәдениетін насихаттауға бағытталған мазмұнды әрі қызықты әңгіме курсанттардың есінде ұзақ сақталады.




29 қараша күні «Алтын күз» балы өтті.
29 қараша күні институтта бірінші курс студенттері арасында “Алтын күз” балы өтті. Іс-шараның басталуында институт басшысы салтанатты түрде қызметкерлерді жұмыстағы жетістіктері үшін мақтау қағаздарымен марапаттап, арнайы атақтар беріп, іс-шараны ресми түрде ашты.
Курсанттар өздерінің шығармашылық және өнерге деген қабілеттерін көрсетіп, көрермендерді ерекше қойылымдарымен таңғалдырды. Іс-шара қорытындысы бойынша “Алтын күздің” патшасы мен патшайымы атағын 105-топтың қатысушылары иеленді. Курсанттарға осы жетістіктерімен тоқтап қалмай, таланттарын әрі қарай дамытуды тілейміз





Оқу ордамызда ұлттық рухты шыңдау мақсатында еліміздің ұлық мерекесі саналатын Тәуелсіздік күніне арналған жиын өтті.
Шараға ІІО ардагерлері, Желтоқсан көтерілісін көзбен көріп тарихи оқиғаның куәгерлері болған өңірдегі қоғам қайраткерлері қатысып жастардың бойында ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруда халқымыздың бостандығы үшін күрескен тұлғалардың рухына тағзым етіп тұғыры биік Тәуелсіздік күнінің маңызын өскелең ұрпақтың жадына сіңіру қашанда абыройлы міндет екендігін тілге тиек етті.
Институт бастығы полиция полковнигі Н. Мұхаметқалиев институттың өркендеуіне үлес қосқан ІІО ардагерлері мен қызметтік міндеттерін адал атқарған бірқатар қызметкерлерді “М. Бөкенбаев 100 жыл” төсбелгісімен, грамоталармен марапаттады.
1 курс курсанттары тәуелсіздікке дейін мемлекет болып қалыптасуымыздың іргетасы саналатын тарихи кезеңдерді сахналық қойылым әсерлі сәттермен қонақтардың, жеке құрамның назарына жеткізді.


1-курс курсанттары жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
Іс-шара барысында курсанттар институтта ұйымдастырылған мерекелік бағдарламаға белсене қатысты. Саптық құрам үшін арнайы әзірленген концерттік нөмірлер, патриоттық әндер мен өнерлік қойылымдар кештің шырайын аша түсті.
Жаңа жылдық шара курсанттардың бір-бірімен жақын танысып, достық қарым-қатынасты нығайтуына, топішілік ұйымшылдықты арттыруына ерекше ықпал етті. Сонымен қатар, командирлер тарапынан жылы лебіздер айтылып, алдағы оқу жылында биік белестерді бағындыруға бағытталған тілектер жолданды.
Мерекелік атмосфера курсанттарға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың әскери рухын көтеріп, тәртіп пен жауапкершілікке деген ынтасын арттырды.






Курсантарға арнаулы шен берілді
1. полиция кіші сержанты А. Айтмухамет 2. полиция кіші сержанты М. Ажарбек


3. полиция кіші сержанты Р. Байтурин

1-курс курсанттары тимбилдинг іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – курсанттардың бір-бірімен өзара түсіністігін арттыру, командалық рухты қалыптастыру және жаңа ортаға бейімделу процесін жеңілдету болды. Тимбилдинг барысында курсанттар түрлі спорттық эстафеталарға, логикалық тапсырмаларға және топтық ойындарға қатысып, өзара ынтымақ пен ұйымшылдықты көрсетті.
Командалық жарыстар олардың шешім қабылдау дағдысын жетілдіріп, топпен бірлесе әрекет ету қабілетін нығайтты. Сонымен қатар, іс-шара еркін форматта өткізіліп, курсанттардың тәлімгерлерімен және бір-бірімен ашық қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді.
Тимбилдинг нәтижесінде 1-курс құрамында серіктестік, достық және жауапкершілік сезімі күшейіп, алдағы оқу-тәрбиелік процестерде жоғары нәтижелерге жетуге ынталандыра түсті.






2025 жылғы 15-19 наурыз аралығында Шымкент қаласында 2005-2006 жылы туған жастар арасында самбо және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің 17 облысы мен 3 ірі қаласынан 500-ден астам спортшы қатысты. Бұл чемпионат Азия және Мұхит аймағы чемпионатына қатысу үшін іріктеу кезеңі болып табылды.
Біздің институт атынан 1 курс курсанттары қатысып, табандылық пен төзімділік танытты. Әсіресе, 104-взвод курсанты Байтемір Перизат ерекше көзге түсіп, жеңіске деген жігерін көрсете отырып, 72 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Бұл нәтиже спортшы үшін де, институт үшін де маңызды жетістік болып табылады.
Байтемір Перизатты лайықты марапатымен құттықтаймыз! Оған спортта да, оқуда да одан әрі табыс тілейміз.





Бүгін институтта 1 курс курсанттарының ұйымдастыруымен спорттық іс-шаралар өтті. Бұл іс-шара тәрбиелік жұмыс аясында өткізіліп, командалық рухты нығайтуға, физикалық қасиеттерді дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.

23 наурыз – «Тазару күні».
2025 жылғы 23 наурызда Ақтөбе заң институтының курсанттары «Тазару күні» шарасын өткізді, осы шара аясында оқу орнының және оған іргелес аумақтың аумағын тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты экология мәселелеріне назар аударту және жастар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру болды. Шараға қатысушылар белсенді түрде жұмыс істеп, институт аумағында және оқу ғимаратының маңайында қоқысты жинап, газондар мен жолдарды, гүлзарларды ретке келтірді.


Ақтөбе заң институтының курсанттары «Жошы хан» фильміне барды.
Тәрбие және идеологиялық жұмыс аясында институт курсанттары «Жошы хан» тарихи фильмін тамашалады.
Фильм Жошы ханның өмірі мен қызметі туралы баяндайды. Ол – Ұлы Жошы ұлысының негізін қалаған және қазақ мемлекетінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған көрнекті қолбасшы. Көрсетілім курсанттарға тарихи оқиғалармен, қазақ халқының дәстүрлері мен мәдени мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік берді.
Іс-шара курсанттардың өз елінің тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға, патриотизмді нығайтуға және ұлттық дәстүрлерге деген құрметті дамытуға ықпал етті.
|
|