3.09.2025



Облыс әкімі Асхат Шахаров Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына барып, оқу орнының бүгінгі тыныс-тіршілігімен және білім беру үдерісімен танысты. Сапар барысында аймақ басшысы оқытушылар құрамымен кездесіп, құқық қорғау саласына кәсіби мамандар даярлауда институттың рөлін атап өтіп, қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын берік ұстанудың маңыздылығын тілге тиек етті.







