26.09.2025



2025 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық: себептері, салдары, практикалық шешімдері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияның басты мақсаты – әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелерін жан-жақты талқылауға арналған сараптамалық алаң қалыптастыру. Конференция аясында бұл құбылыстың әлеуметтік-психологиялық және құқықтық себептері, оның салдары қарастырылып, тиімді практикалармен алмасу көзделеді:
− зорлық-зомбылықтың алдын алу,
− агрессорлармен түзету жұмыстары,
− зардап шеккендерді, соның ішінде зорлық-зомбылық куәгері болған балаларды оңалту.







