Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

 Қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлова

11.05.2025

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты — жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отан үшін жанын қиған ерлердің ерлігін дәріптеу, соның ішінде Әлия Молдағұлованың қайсар мінезі мен батырлық жолын насихаттау.