Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мәні мен нысандары

14.05.2025

Кәсіби даярлық факультетінің курсанттарына арналған «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мәні мен нысандары» тақырыбында тәжірибелік сабаққа Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығының филиал басшысы А.С. Мустафина арнайы шақырылды.
Сабақ барысында курсанттар еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары, қолданылатын әдістер мен нысандары туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, оның алдын алу тетіктері және қоғамда адалдық құндылықтарын қалыптастыру жолдары талқыланды.