Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

«Қазақстан полициясының болашақ қызметкерлерінде дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті.

2.10.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында, жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан полициясының болашақ қызметкерлерінде дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті.
Шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, оқытушылар, магистранттар, ғалымдар мен мамандар қатысып, міндет, абырой, ерлік, батырлық сынды құндылықтардың маңызы талқыланды.
Қатысушылар ашық пікір алмасып, мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.
Бұл жиын – болашақ құқық қорғаушыларға ұлттық рух пен адамгершілікті насихаттаудағы маңызды шара болды.