18.06.2025



«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгеріту аясында Институттың Оқу әдістемелік орталығының қызметкерлері, полиция подполковнигі А.Галиулина мен полиция майоры Г.Ибыжанова Ақтөбе қаласының “Білім” мектеп-гимназиясының оқушыларымен «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында қоғамдық тәртіп, құқықтық сауаттылық және азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Бұл шара құқықтық сананы арттыруға және білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталды.







