Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

“ҒАЗИЗ БАЙТАСОВ ЕРЛІК ПЕН АДАЛДЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ”

12.11.2025

12 қараша өз ісіне деген адалдық, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімімен байланысты. Бүгін институтта 2011 жылы қоғам тыныштығын қамтамасыз ету жолында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерінің есімін ұлықтау мақсатында 1 курс курсанттарына патриоттық кеш өткізілді.

Курсанттар есімі ел есінде сақталатын батырға құрмет көрсетіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Танымдық шара кезінде азаматтардың қауіпсіздігі жолында қызметтік міндеттерін адал атқарып, өмірден өткен қаһарман тұлға жайында ақпарат беріліп, ерлік эпизодтары суреттелетін бейнероликтер көрсетілді.

Бұл жастардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыруға, заң мен тәртіп қағидатын берік ұстануға септігін тигізері сөзсіз.