23.10.2025



23 қазан күні Ақтөбе заң институтының басшылығы мен курсанттары Қазақстанның Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Абдибекұлы Байтасовтың ерлігіне арналған көркем фильмнің премьерасына қатысты.
Бұл туындының негізінде – шынайы өмірде ерлікпен қаза тапқан қаһарман Ғазиз Байтасовтың батырлығы жатыр. Премьера көрерменге батырлықтың биік өлшемін танытып, курсанттар мен жалпы жастардың жүрегінде елге деген сүйіспеншілікті, патриоттық рухты, борыш пен жауапкершілікті қалыптастыруға айрықша серпін береді.
Ғазиз Байтасовтың ерлігі – қазақстандық полиция қызметінің қаһармандығы мен абыройының мәңгілік символы. Оның есімі ел жадында, жүректер төрінде!







