Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Ұлы даладағы заң мен тәртіп

26.06.2025

Заң мен Тәртіп идеологиясын ілгеріту аясында институтымыздың Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен “Ұлы даладағы заң мен тәртіп” атты зияткерлік Quiz ойыны өтті.
Аталған шараның басты мақсаты – курсанттардың құқықтық сана-сезімін арттырып, заң мен тәртіп қағидаттарын зияткерлік бәсекелер арқылы санасына сіңіру, ойлау мәдениетін дамыту болды.
Ойын барысында курсанттар білім мен зердені, тапқырлық пен парасаттылықты үйлестіре отырып, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін паш етті. Қатысушылар заңға деген терең түсініктері мен логикалық ойлау дағдыларын ұштастырып, тартысты әрі мазмұнды ойын өрнегін көрсетті.
“Ұлы даладағы заң мен тәртіп” ойыны – тек интеллектуалдық сайыс ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың бойына адалдық, әділеттілік пен заңға құрмет секілді асыл қасиеттерді дарытатын тағылымды тәрбиелік іс-шара болды.