Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі

4.06.2025

Бүгін Ақтөбеде орталық саябақтағы басты Тутұғыр алаңында Мемлекеттік рәміздері күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Шараға Ақтөбе облысының әкімі А.Шахаров, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Ғ. Есболаев қатысты.
Салтанатты жиын ақтөбеліктердің патриоттық рухын көтеріп, өзіміздің Отанымызға, рәміздерімізге деген құрметті нығайтты.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу.