Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Қатаң заң – қоғамдық тәртіптің кепілі

18.06.2025

Заң мен тәртіп қағидаты аясында 1 курс 104-оқу тобының курсанттары арасында «Қатаң заң – қоғамдық тәртіптің кепілі» атты дебат өткізілді. Дебатты жалпы заң пәндері кафедрасының ғылыми үйірме жетекшісі, полиция подполковнигі С.А.Мендыбаева ұйымдастырды.
Дебат барысында курсанттар аргумент, тезис, дәлелдерді қолданып, өз ойларын еркін жеткізіп, қатаң заңның қоғамдағы тәртіпті сақтаудағы маңызын жан-жақты талқылап, пікір алмасу мәдениетін және шешендік өнер қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді.