Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

“Ғылыми қызметтің тиімділігін арттырудың заманауи трендтері” атты тренинг

4.07.2021

2021 жылғы 29 маусым мен 4 шілде аралығында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері Алматы академиясы базасында өткен “Ғылыми қызметтің тиімділігін арттырудың заманауи трендтері” атты тренингке қатысты. Тренинг бағдарламасы ғылыми-теориялық және физикалық дайындықты қамтыды. Қатысушылар полицияның сервистік моделін енгізу мен қолданудың отандық және шетелдік тәжірибесін, ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметін отандық нормативтік-құқықтық реттеуін талқылады.
Институт ұжымы ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясына пайдалы әрі қызықты өткен тренинг үшін алғысын білдіреді.