- Institute
- Educational-methodical activity
- Scientific activity
- Personnel and
educational work - Educational portal
- Обучающиеся
Қазақстан полициясы күніне орай полиция қызметкерлерінің беделі мен абыройын көтеру, полиция қызметіне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында 2-3 маусымда Институтта ерлер арасында әмбебап жекпе-жектен ашық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа үш салмақ дәрежесі бойынша спортшылар қатысты, оның құрамында 6 құрама команда – институт тыңдаушыларынан құралған команда, Ақтөбе облысы ПД, ЖҚЖ қызметкерлерінің командасы, …
2 маусымда арнайы-тактикалық даярлық шеңберінде арнайы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды.Оның барысында арнайы құралдармен жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесу, тәртіп бұзушыларды ұстау және жеткізу, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, оқиға орнын тексеру тәсілдері пысықталды, сондай-ақ Калашников автоматынан оқу-тәжірибелік атыстар өткізілді.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бейбіт өмірдің күзетінде тұрған полиция қызметкерлерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының 7,8,9 класс кадеттері арасында «Полиция бізді қорғайды!», «Мен полицей боламын!» тақырыбына шығарма байқауы жарияланған. Шығарма байқауына 80-ге жуық кадет оқушылары қатысты. Әділқазылардың шешімі бойынша үздікдеп танылған кадеттердің шығармалары …
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні “Аяла” өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында шағын-футболдан жарыс өткізілді. Шағын-футбол жарысына Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының кадеттерінен, “Аяла” өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінен құралған командалар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлерге институт бастығының грамоталары, кубоктар және сыйлықтар табысталды.
31 мамырда жас оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру, педагогикалық қызметтің жаңа формалары мен әдістерін игерту, дағдыларын қалыптастыру мақсатында институт бастығы з.ғ.к., полиция полковнигі Н.Ж.Мұхаметқалиевтің төрағалығымен педагогикалық шеберлік мектебі шеңберінде сараланған сынақ өтті.
1997 жылдан бері 31 мамыр елде Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтіледі. Бүгін, институт қызметкерлері және алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары Ақтөбе қаласы Түйетөбе басында орналасқан жазықсыз жазаланғандарға арналған ескерткішке басында өткен іс-шараға қатысып, ата-баба рухына тағзым етті. Жиынға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік …
28 мамырда 6 оқу тобының кураторы полиция капитаны К.Д.Такетова тыңдаушыларға Ақтөбе тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырды.
2023 жылғы 26-27 мамырда Өзбекстан Республикасы ІІМ академиясында /Ташкент қ./ гибридті форматта «Сараптамалық-криминалистикалық қызмет: проблемалар, перспективалар мен инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған ішкі істер органдары саласының жергілікті және халықаралық сарапшылары, ШЫҰ-ға мүше елдердің шетелдік ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Түркия, Оңтүстік Корея, Италия, Сауд Арабиясы, БАӘ, Әзірбайжан, Беларусь Республикасының …
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында оқу ордамызда ұжымының моральдық ахуалын жақсартып, ауызбіршілігін нығайту мақсатында институт қызметкерлерінің жанұялары арасында “Әкем, анам және мен – салауатты отбасымыз!” отбасылық эстафета сайысы өткізілді. Бірнеше кезеңдерден құралған жарыс барысында – Кумакбаевтар отбасы “Өнегелі отбасы” номинациясына лайық деп танылды. – Сапаргалиевтер отбасы …
Институттың Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету контекстінде полиция қызметінің түрлі әрекеттерімен тәжірибелік тұрғыда таныстырды. Аталмыш шараға Ақтөбе облысының Полиция департаментінің Жедел қимылдайтын арнайы жасағы, Жарылғыш-техникалық кешендегі “Арлан” арнайы жасағы мен Кинологиялық қызметі және Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция қызметкерлері белсенді қатысты.
|
|