Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

News

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ КҮНІ

10.08.2023

10 тамыз Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың тұған күні. Бұл күн күнтізбеде Абай поэзиясы күні деп жазылған. Ақын мұрасын қолдану өскелең ұрпақтың ақыл-парасаты биік болуына, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, ұлттық тәрбиені дарытуға ықпалы зор. Ақтөбе заң институттың жас қызметкерлері Абай өлеңдерін өмірлерінің басты ұстанымына айналдырып, шығармашылығынан мол тағылым алып келеді.

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІМЕН!

22.06.2023

Қазақстан полициясы күніне арналған бейнеролик “Анаға хат”

22.06.2023

ВОЛЕЙБОЛДАН ЖОЛДАСТЫҚ МАТЧ

17.06.2023

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Ақтөбе заң институты мен Ақтөбе облысы судьяларының командалары арасында волейболдан жолдастық матч өтті. Іс-шараның мақсаты – дене шынықтыру мен спортты насихаттау, денсаулықты сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

15.06.2023

15 маусымда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының бастығы п.ғ.к, полиция полковнигі А.Ф. Саттарова Ресей Федерациясы ІІМ Шығыс Сібір институты (Иркутск қ.) ұйымдастырған «Қазіргі жағдайдағы құқық қорғау органдарының қызметі»халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысып, онлайн режимінде «Мектептегі буллингтің психологиялық себептері» тақырыбында баяндама жасады.

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫНА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАУ

14.06.2023

Институттың біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінде полиция қызметкерлеріне арналған “Браконьерлікпен күрес жөніндегі шараларды заңнамалық қамтамасыз ету” тақырыпта оқу ұйымдастырылды. Курс бітірген қызметкерлерге сертификаттар табыстылды.