Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Өзбекстан Республикасы ІІМ Академиясында «Сараптамалық-криминалистикалық қызмет: проблемалар, перспективалар мен инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

27.05.2023

2023 жылғы 26-27 мамырда Өзбекстан Республикасы ІІМ академиясында /Ташкент қ./ гибридті форматта «Сараптамалық-криминалистикалық қызмет: проблемалар, перспективалар мен инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған ішкі істер органдары саласының жергілікті және халықаралық сарапшылары, ШЫҰ-ға мүше елдердің шетелдік ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Түркия, Оңтүстік Корея, Италия, Сауд Арабиясы, БАӘ, Әзірбайжан, Беларусь Республикасының өкілдері қатысты.

Конференцияда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің өкілдері атынан Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты Нұркен Жанболатұлы Мұхаметқалиев сөз сөйледі. Өз сөзінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары саласындағы реформаларды, оның ішінде қазіргі таңда Қазақстанда енгізіліп жатқан және белсенді дамып келе жатқан полицияның сервистік моделін қалыптастырудағы құқық қорғау органдары азаматтармен өзара іс-қимылына тоқталды.

Іс-шарада сот-сараптама мекемелерінің әлеуетін нығайту, Қазақстандағы ДНҚ-ны геномдық тіркеу және зерттеу мәселелері қарастырылды. Жұмыс соңында халықаралық стандарттар мен криминалистикалық сараптама саласындағы озық шетелдік тәжірибені енгізу, ғылыми және техникалық негізделген сенімді дәлелдермен қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін адамның кінәсін сотта дәлелдеу процестерін жетілдіру, дәлелдемелерді жинау кезінде ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктерін пайдалану, сандық сараптаманы кеңінен қолдану, атап айтқанда, криминалистикалық әдістер мен құралдарды қолдану сияқты бағыттар бойынша маңызды ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

Конференцияға қатысушылар сот-сараптама қызметі саласында қолданылатын арнайы техникамен және жабдықтармен, ІІМ академиясында жолға қойылған заманауи оқу процестерімен, оқу-зертханалық кабинеттермен танысты. Қонақтарға сала үшін кадрлар даярлау перспективалары және криминалистикалық сараптама бөлімінің мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Ғылыми-практикалық конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.