Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«ӘРҚАЙСЫСЫ ЖӘНЕ БАРЛЫҒЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚТӨБЕ ТЕХНИК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

17.11.2023

2023 жылдың 17 қарашасында Ақтөбе қаласындағы колледждердің студенттері арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында кездесулер өткізу жоспары аясында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Ақтөбе техник-технологиялық колледжінің студенттерімен «Әрқайсысы және барлығының қауіпсіздігі» тақырыбында кездесу өткізді.

Бұл кездесудің басты қағидаттарының бірі жеке тұлғаны, оның заңды құқықтары мен мүдделерін жан-жақты құқықтық қорғау болып табылады, осыған байланысты халықтың құқықтық сауатсыздығын жою қазіргі демократиялық қоғамның маңызды міндетіне айналуда.