Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

18.10.2023

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында 18 қазан күні жалпы заң пәндер кафедрасының оқытушыларының Ақтөбе қаласының №51 мектеп-гимназиясы және М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесулердің мақсаты – балалар тарапынан жасалған қылмыстың алдын алу және заманауи әлемдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру әлеуметтік белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді және олардың қоғамда өз орнын алуға көмектеседі.