Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Күндізгі оқу факультеті

Факультет бастығы
философия докторы (PhD),
полиция полковнигі
Дархан Амангелдиевич Амангелдиев
Аға оқытушы-әдіскері  
полиция подполковнигі
Акбота Ансатовна Мыштаева
Оқытушы-әдіскері заң ғылымдарының магистрі  
полиция майоры
Шара Темирхановна Жайлаубаева

Оқытушы-әдіскері
полиция аға лейтенанты
Тұрар Жақсыбайұлы Құрманияз

Факультет туралы:

Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кәсіби даярлық факультеті негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып «6В12301-құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша жоғары заңгерлік емес білім базасында мамандарды даярлайды және ішкі істер органдарының келесі лауазымдық санаттарына алғаш рет түсетін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлықты жүзеге асырады:

  • орта басшықұрам;
  • қатардағы және кіші басшы құрам.

Факультеттің қызметі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіруге, институттың профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру және инновациялық әдістемелерді енгізу арқылы білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Факультеттегі оқу процесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады, оның негізінде оқу жұмыс жоспарлары, бағдарламалары және оқу сабақтарының кестесі әзірленді.

Кәсіби даярлық факультетінің бастығы лауазымына философия докторы (PhD), полиция полковнигі Дархан Амангельдиевич Амангельдиев тағайындалды.

Факультет бастығы өз өкілеттіктерін өзіне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады:

  • факультеттің даму стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
  • факультеттің бағдарламаларын, жоспарларын және басқа да құжаттарын дайындауды және орындауды қамтамасыз етеді;
  • факультетте оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарға жетекшілік етеді;     
  • оқу процесін, оқу практикумдары мен кәсіптік практикаларды ұйымдастыруды бақылайды және реттейді;
  • білім алушылардың білімін бақылау мен оқытудың жаңа технологияларын енгізуді қамтамасыз етеді;
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта факультет штатына оқытушылық және оқу-әдістемелік қызметте мол тәжірибесі бар қызметкерлер кіреді:

– аға оқытушы-әдіскерлер – полиция подполковнигі Мыштаева Ақбота Ансатовна

–  оқытушы-әдіскерлер – заң ғылымдарының магистрі, полиция майоры Жайлаубаева Шара Темирхановна, полиция аға лейтенанты Құрманияз Тұрар Жақсыбайұлы.

Факультет тарихы:

Кәсіби даярлық факультетінің тарихы 1998 жылы Ақтөбе заң колледжінде құрылған күндізгі оқу факультетінің даму тарихымен үздіксіз байланысты. Күндізгі оқу факультет іколледждің құрылымдық бөлімшесі ретінде тікелей оқу процесін жоспарлаумен, ұйымдастырумен және педагогикалық бақылаумен айналысты. Факультет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары мен нұсқаулықтарын басшылыққа алды.

Күндізгі оқу факультетін экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі М.Ә.Тұрғанбаев (1998-2009 жылдары) басқарды.

2010 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбезаң институты болып құрылғаннан кейін күндізгі оқу факультетінің функционалдық міндеттері жоғары білімнің білім беру бағдарламасын іске асыруға сәйкестендіріп өзгертілді.

2010-2012 жылдар аралығында факультетті тарих ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі С.Қ.Махмутов, ал 2014-2016 жылдар аралығында заң ғылымдарының магистрі, полиция полковнигі А.Ж.Майданова басқарды.

2016-2019 жылдар аралығында күндізгі оқу факультетінде аға оқытушы-әдіскерлер полиция майоры А.А.Байболатова, полиция майоры А.Галиуллина, оқытушы-әдіскерлер полиция майоры Д.Ж.Усенов, полиция майоры Т.Ж.Елемесов, полиция капитаны Ж.Ж.Аксакова қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 957 бұйрығына сәйкес күндізгі оқу факультеті кәсіби даярлық факультеті болып өзгертілді.  

2019-2023 жылдар кезеңінде кәсіби даярлық факультетін заң ғылымдарының магистрі, полиция полковнигі А.Ж.Сейтенов басқарды.

            Факультеттің функциялары:

Кәсіби даярлық факультетінің негізгі функциялары:

– оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеудің уақтылығы мен сапасын бақылау;

– білім беру бағдарламаларын жетілдіру, оқытудың жаңа нысандарын, әдістері мен құралдарын енгізу;

– оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау;

– оқу процесін бақылауды ұйымдастыру: білім алушылардың оқу сабақтарына қатысуын; оқу жұмыс жоспарлары орындалуын бақылау; аудиториялық сабақтардың өткізілуін және білім алушылардың өз бетінше дайындалуын бақылау; білім алушылардың оқу сабақтарына ағымдағы үлгерімі мен қатысуын бақылау; педагогикалық бақылау, оқу сабақтарына кафедра аралық және кафедралық өзара қатысу кестелерін әзірлеу;

– сабақтардың жекелеген түрлерін өткізу үшін ведомстволық және өзге де жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарын, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерін, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың басшысы құрамының өкілдерін тарту.

Факультет оқу тәртібін нығайтуға және үлгерімді арттыруға бағытталған әзірленген шаралар жүйесін қолданады. Апта сайын үздік оқу тобына «Үздік үлгерімі үшін» жалаушасы беріледі.

Кәсіби даярлық факультеті институттың құрылымдық бөлімшесі ретінде келесі кафедраларға басшылықты жүзеге асырады:

– ІІО әкімшілік қызметі;

– қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика;

– көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру;

– жалпы заң пәндері;

– кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару;

– арнайы-тактикалықдаярлық;

– дене шынықтыру.

Факультеттің міндеттері:

– жоғары оқу орындарының оқу процесін реттейтін нормативтік-құқықтық актлерді жетекшілікке ала отырып, факультетке жүктелген міндеттемелерді уақытылы және сапалы дайындау;

факультетте іс-қағазадарды уақытылы және сапалы жүргізу, келіп түскен хаттарға жауап дайындау нұсқауларды, сұрауларды, орындау;

факультеттің құзырына енетін сұрақтар бойынша түсініктеме беру;

– ішкі еңбек тәртібінің ережесін, қызметтік, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;

мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын басқада құпйяларды сақтау;

сыбайлас жемкорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын, мемлекеттік және ІІО-ры қызметкерлерінің Ар-намыс Кодекстерінің талаптарын сақтау.

Факультеттің жетістіктері:

Кәсіптік даярлық факультетінде сабақты ғылыми дәрежесі, педагогикалық және ішкі істер органдарында үлкен тәжірибелік жұмыс өтілі бар институттың білікті профессорлық-оқытушыларлық құрамы жүргізеді.

Оқу процесін ұйымдастыруға арналған материалдық-техникалық база заманауи, техникалық оқыту құралдарымен жабдықталған оқу аудиторияларынатұрады (Сурет 1(А,В,С,D,Е)).

Сурет 1(D)

Мамандандырылған оқу кешендерін қамтитын криминалистикалық полигондар(Сурет 2): «Тұрғынбөлме» (Сурет 3), «Дүкен» (Сурет 4), «Кримтехзертхана» (Сурет 5), «Медициналық-криминалистикалық үлгілер секциясы», «Көлік» (Сурет 6), «Жолаушылар вагоны» (Сурет 7), «ЯК-40 «Планер» ұшағы (Сурет 8) жасалған. Олар кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құралдармен, материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етілген.

Сурет 8

Көрсетілген әдеттегі құралдардан басқа, қазіргі заманғы криминалистикалық құралдар да қолданылады: буып-түю материалдары, әр түрлі беттерден саусақтардың іздерін (мысалы, шаң іздері) табу және алу кезінде практикалық дағдыларды пысықтауға арналған құралдар, саусақ іздерін жасау құралдары, гипс құймаларын жасауға арналған материалдар, жалған іздері бар құжаттарды зерттеу құралдары(Сурет 9(А,В,С)).

Сурет 9(С)

Ақтөбе облысының Полиция департаментімен тығыз өзара іс-қимыл  жасай отырып, Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданының № 3 ҚПБ №19 учаскелік пункті базасында ІІО әкімшілік қызметінің бітіруші кафедрасының филиалы құрылып, жұмыс істейді(Сурет 10) және Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінде оқу процесін тәжірибеге бағдарлау үшін көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының филиалы ашылды(Сурет 11).

Дене шынықтыру кафедрасының спорттық жабдықтарына резеңке жабыны мен жылытуы бар спорт залы, күрес залы, қоян-қолтық күресзалы, кедергілер мен жүгіру жолы бар спорт қалашығы, шағын футбол, волейбол және баскетбол алаңдары кіреді. (Сурет 12 (А,В,С,D)).

Сурет 12(D)

Оқу процесінде тактикалық-арнайы даярлық кафедрасы атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолдануға байланысты жағдайларда қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті негізгі кәсіби білім мен дағдыларды игеруге ықпал ететін төрт бағытқа арналған атыс тирін қолданады (Сурет 13 (А,В,С,D)).

Сурет 13 (D)

Факультеттің перспективалары:

Факультеттің негізгі міндеті білімалушылар мен тыңдаушылардың қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті түлектердің біліктілік сипаттамаларына қойылатын талаптар көлемінде терең білім, тәжірибелік дағдыларды алу процесін ұйымдастыру болып табылады. Бұл міндет оқу процесін, оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес ұйымдастыру, жоспарлылық және біртектілік, оқу процесіне оқытудың озық инновациялық әдістемелерін енгізу арқылы жүзеге асырады. Факультетте тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу жалпы адамзаттық және адамгершілік құндылықтардың басымдығына негізделеді.

Факультеттің мақсаты – Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тәжірибелік қызметке жеткілікті білім, білік және дағды деңгейіне ие білікті мамандарды даярлау. 

Байланыс ақпараты:

– Факультет бастығы философия докторы (PhD), полиция полковнигі Дархан Амангелдиевич Амангелдиев.

Жұмыс телефоны: +7 (7132) 98-80-37, 73-05-47 (ішкі 153);

Ұялы Телефон: +7 (701) 079 09 19.

– Оқытушы-әдіскер полиция аға лейтенанты Құрманияз Тұрар Жақсыбайұлы

Жұмыс телефоны: +7 (7132) 98-80-37, 73-05-47 (ішкі 159);

Ұялы Телефон: +7 (776) 000 88 48.

Артқа