Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Тәуелсіз Қазақстан, Тәуелсіз жылдарындағы Ақтөбе өңірінің басты жетістіктері» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел

24.08.2021

2021 жылғы 24 тамызда Ақтөбе облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ұйымдастыруымен ZOOM платформасында онлайн-режимде «Тәуелсіз Қазақстан, Тәуелсіз жылдарындағы Ақтөбе өңірінің басты жетістіктері» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы полиция майоры А.С.Абилова «Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы – өз қолымызда» тақырыбы бойынша баяндама оқып қатысты. Өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беру, өз тарихын, аға ұрпақтың істері мен дәстүрлерін құрметтеу және Отанға деген сүйіспеншілік болып табылады.