Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Тәуелсіздікпен жеткен Жаңа Қазақстан

15.12.2022

2022 жылғы 14 желтоқсан күні қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне орай «Қазақстан полициясының 30 жылдығы» аясында «Тәуелсіздікпен жеткен Жаңа Қазақстан»тақырыбында пікір сайыс өткізілді.

Пікір сайысқа Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының және М.Дулатов атындағы №63 мектеп-лицейі кадет класстары оқушылары қатысып, Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бқкенбаев атындағы АЗИ бастығының атынан ұсынылатын кубокке ие болу үшін сайысқа түсті.

Сайыс мемлекеттік тілде 4 фракцияның қатысуымен өткізілді. Іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат – кадет класстарында білім алып жатырған оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми құқықтық білімге қызығушылықтарын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру, жас буын арасынан көшбасшылық қасиеттерін дамытуда ерекше қабілеттерін көрсеткен балаларды анықтауға және қолдауға бағытталды. 

Іс-шара қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, сайысқа түскен зияткерлерге «Үздік спикер», «Көрермен көзайымы» номинациялары және 2, 3 орындар беріліп, сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды үздік деп танылған Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының кадет класстары оқушыларына институт бастығының атынан кубок табысталды.

Барлық турнирге қатысушылар мен олардың тәлімгерлеріне шығармашылық табыс, жеңіс тілей отырып, биік белестерді бағындыра беріңіздер дейміз.