Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Тәжірибелік көшпелі сабағы

12.03.2024

2024 жылдың 12 наурызында Қазақстан РеспубликасыІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының КОҚҰ кафедрасыныңаға оқытушысы полиция подполковнигі Е.Т.Алдияров тыңдаушыларымен Ақтөбе қаласы Алматы аудандық №25 УПП орналасқан қызмет көрсету орталығына барды.

Тыңдаушылар қызмет көрсету орталығының жұмысын қамтамасыз ету бойынша ішкі істер органдарының жауапты қызметкерлеріне учаскелік полиция қызметіне қатысты сұрақтарын үлкен қызығушылықпен қойып,сондай-ақ тыңдаушылар үшін қызметтік барысындағыжұмысының бейінді ерекшелігі мен қызмет көрсетілетін аумақта қандай да бір жағдайлар туындаған кезде басқару шешімдерін оңтайландыру үшін полиция қызметкерлерінің кезекшілік тәртібі мен кестесін, олардың функционалдық міндеттерін бөлуді түсіндірді.