Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Тазалық- табалдырықтан басталады»

15.04.2024

«Тазалық- табалдырықтан басталады»,
демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді.
Институт аумағында және жергілікті әкімшілікпен бекітілген Курсанттар тас жолы бойында апта сайын жүргізіліп жатқан қызу сенбілік жұмыстарына тыңдаушыларымыз бір кісідей ат салысып, әрбір курс белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізуде.