6.09.2021
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының көлік объектілеріндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының қызметкерлері “Назар аударыңыз балалар” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде Ақтөбе қаласындағы Ф. Оңғарсынов атындағы №41 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушыларымен сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты жол қозғалысы қауіпсіздігінің негіздерін түсіндіру, көше мен жолда қауіпсіз мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру болып табылады.