Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

29.11.2023

2023 жылғы 29 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми қызметкері полиция полковнигі М.Ж. Найманбаев «Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ 9-11 сынып оқушыларына «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» тақырыптары бойынша презентация көрсете отырып, кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесулерге мектеп басшылығы, мұғалімдер мен кураторлар да қатысты.

Кездесулердің мақсаты құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және өскелең ұрпақтың құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру.

Кездесуге 9-11 сынып оқушылары белсенді қатысып, жол қозғалысы қауіпсіздігі және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

Бұл кездесулер өз мақсаттарына жетті. Өзекті мәселелер толық көлемде қаралды.

Мектеп оқушыларына жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша ұсыныстар берілді.