Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

26.09.2023

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмаларын және Қазақстан Республикасы ІІМ Алқасының 2023 жылғы 30 маусымдағы  № 5 шешімінің 6.4-тармағын іске асыру жоспарына сәйкес, институт Ақтөбе қаласындағы жоғары оқу орындарының, орта кәсіптік оқу орындарының, колледждердің, мектептер мен лицейлер оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

2023 жылғы 26 қыркүйекте Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының бастығы полиция полковнигі А.Ф.Саттарова Ақтөбе қаласындағы № 17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушыларымен «Менің құқықтарым мен міндеттерім», «Мектепте және қоғамдық орындарда құқықтық нормаларды сақтау», «Құқыққа қарсы теріс қылықтардың алдын алу» мәселелері бойынша кездесу өткізіп, әңгімелесу жүргізді.