Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Мектеп кадет арасындағы пікір сайыс

14.12.2023

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының және М.Дулатұлы №63 мектеп-лицейінің кадет сыныптары оқушыларының институт бастығы полиция полковнигі Н. Мұхаметқалиевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында оқудың тиімділігі, болашақ мамандыққа түсудің оңтайлығы туралы сұрақтар талқыланды.

⚜️Кездесуден кейін, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашақ жас полиция буынының бүгіні мен ертені» тақырыбында пікір сайыс өткізілді. Кадеттер Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы АЗИ бастығының атынан ұсынылатын кубокке ие болу үшін сайысқа түсті. Сайыс мемлекеттік тілде 6 фракцияның қатысуымен өткізілді.

⚜️Іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат – кадет класстарында білім алып жатырған оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми құқықтық білімге қызығушылықтарын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру, жас буын арасынан көшбасшылық қасиеттерін дамытуда ерекше қабілеттерін көрсеткен балаларды анықтауға және қолдауға бағытталды.

⚜️Іс-шара қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, сайысқа түскен зияткерлерге «Үздік спикер», «Үздік төреші» номинациялары және 2, 3 орындар беріліп, сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды үздік деп танылған М.Дулатов атындағы № 63 мектеп-лицейінің кадет класстары оқушыларына институт бастығының атынан кубок табысталды.

⚜️Кадеттермен кездесу біздің көз алдымызда лайықты және жауапты ұрпақ қалыптасып жатқанына тағы да көз жеткізуге мүмкіндік берді!