Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

КӨШБАСШЫЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ

17.05.2022

2022 жылғы 11-13 мамыр аралығында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері полиция полковнигі Саттарова А.Ф., полиция полковнигі Л.С. Маланьина және полиция подполковнигі Байманова А.М. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырған құқық қорғау органдарының қызметкері, әйел әскери қызметші және әйел судьялар үшін көшбасшылық тренингке қатысты.

         Оқыту іс-шаралары Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 2021 жылғы 10 желтоқсандағы отырысы хаттамасының 1.2 тармағын іске асыруға бағытталған.

         Тренинг барысында Қазақстандағы әйелдер көшбасшылығын ілгерілету, әйел көшбасшының практикалық құралдарын пайдалану, әйел – көшбасшыны ақпараттық кеңістікте позициялау, сондай-ақ көшбасшы әйелдердің коммуникативті дағдыларын жетілдіру мәселелері болды.