Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінің тыңдаушылары үшін дәріс сабағын өткізуге практикалық қызметкерді тарту

25.04.2024

2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының доценті, полиция полковнигі Л. С. Маланьина Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Мырзаш Мұхтар Маратұлының қатысуымен учаскелік полиция инспекторлары үшін «Кісі өлтіру ерекшеліктері, олардың алдын алу және жолын кесу мәселелері» тақырыбында дәріс сабағын өткізді.

Талқылау тақырыбы кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік, сот жүктемесін оңтайландыру, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау, қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру, сот орындау қаулыларына санкция беру мәселелері болды.

ІІО ӘҚ кафедрасының доценті

полиция полковнигі                                                                       Л.С. Маланьина