Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

9.05.2022

7-8 мамыр күндері Орал қаласында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Х ашық республикалық турнир өтті.

Екі күнге созылған дәстүрлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Саратов облысынан 265 спортшы қатысып, бақ сынады.

Турнир қорытындысында +78 кг салмақ дәрежесі бойынша әйел дзюдошылар арасынан ҚР спорт шебері, Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының оқытушы-әдіскері полиция майоры Сейтімова Анар Серікқызы I орынды иеленді.

Құттықтаймыз!