Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Институт аумағы бойынша экскурсия

10.11.2021

Бүгін Ақтөбе заң институтына Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы полиция полковнигі О.Ж. Жолдасов жұмыс сапарымен келіп, жеке құрамға жаңадан тағайындалған басшыны және құқық қорғау құрылымдарының жоғары білім берудегі реформаларын енгізу, инновациялар, жаңа арнайы курстар мен пәндер туралы міндеттермен таныстырды. Институт аумағы бойынша экскурсия барысында КСД бастығы институттың материалдық-техникалық базасымен, курсанттар мен тыңдаушылардың оқу және тұру жағдайымен танысты. Институтта атқарылған жұмыстарға баға беріп, құзыретті кадрларды даярлауға ерекше назар аудара отырып, полиция қызметін жетілдіру жөніндегі реформаны жалғастыру қажеттігін атап өтті.