Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ИНСТИТУТТЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА ТРЕНИНГ

6.06.2023

6 маусымда институттың жеке құрамы арасында Еуропалық психология мектебінің психологтары Р.Керееваның және Б.Базарханның қатысуымен «Менталдық күй және қызметтегі конфликтінің алдын алу стратегиялары» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренингте қызметкерлерге адам өміріне психикалық күй қалай әсер ететіні түсіндірілді, әртүрлі күйзелісті ситуациялардан шығудың оңай жолдары қарастырылып, ішкі оймен санаса отырып, дұрыс шешімдер қабылдауға бағыт берілді.